Салы суға кету мағынасы: Что такое салы суға кету — Қазақша-орысша фразеологиялық сөздік — Казахские словари

Сезім әрекеттеріне қатысты айтылатын фразеологизмдер (тұрақты сөз тіркестері) • Martebe.kz білім сайты

«СҮЙЕНІШ»  /біреуді сүйеніш көру/ мағынасында фразеологизмдер

 Ағайын тұту

Арқа сүйеу

 Арқа тұту

 Дәтке қуат

 Көңілге тоқ санау

 Қанат болу

 Қол арту

 Медеу көру //ету

 Мият тұту /диал./

 Оң көзі

 

«ТӘУЕКЕЛ» /бір іске бел буғанда / мағынасында фразеологизмдер

 Алақанына //қолына// түкіру

 Ады-артына қарамау

 Бағын //бақытын// сынау

 Басын бәйгеге тігу

 Көз жұмып тұрып

 Қайдан шықса, онан шықсын!

 Нар тәуекелге басу

 Не болса да

 Не болса, ол болсын

 Не десе о десін

 Ноқталы басқа бір өлім

 Өлімге бас тігу

 Су ішсем де, у ішсем де

 Тау күйіп, тас жанса да

 Тәуекел де тас жұт

 Тәуекелге бел байлау

«КӨҢІЛСІЗДІК» мағынасында фразеологизмдер

 Бас терісі салбырау

 Басына тию

 Беті қайту

 Енжарлыққа түсу

 Еңсесі //ұнжырғасы// түсу

Екі иығы салбырау

 Жабы болу

 Жан дүниесі жабырқау тарту

 Жермен жексен болу

 Жігері құм болу

 Жаны кею

 Жүзі сынық

 Жүн боп //жүнжіп// кету

 Жүні жығылу

 Жынынан айырылған бақсыдай / болу/

 Запыс болу

 Илеген терідей болбырау

 Иығы жауыр болу

 Кежегесі кейін тарту

 Көңілінен ел көшкендей

 Көңілі жадау тарту

 Көңілі жасу

 Көңілі жер (жердей) болу

 Көңілі қалу

 Көңілі қараю

 Көңілі қоңылтақсу

 Көңілі жер болу

 Көңілі күпті

 Көңілі шайлығу

 Қабағы кірбің тарту

 Қабағы салбырау

 Қабағын қарс жабу

 Қабағы/нда кірбің //болу//, //бар// тарту

 Назары пәс болу

 Назары төмен

 Мойнын ішіне тығу

 Мойнына су кету (құйылу)

 Өзін қоярға жер таппау*(алаңдау, ашулану)

 Сіркесі су көтермеу*(ауырғанда, ренжігенде)

 Сағы сыну

Салы суға кету

 Самарқау тарту

 Сүтке тиген мысықтай //күшіктей болу

 Тауы шағылу (қайту)

 Үмітсіздікке салыну

 Іш құса болу

«ЖАҒЫМПАЗ» мағынасында фразеологизмдер

 Асты-үстіне түсу

 Атса — мылтығы //оғы//, шапса – қылышы

 Біреудің артына /к…не / кіру (дөрекі)

 Жақсы атты көріну

 Итаршы болу /мазақ/

 Қойны-қонышына кіру

 Қойнына кіріп, қонышынан шығу

 Қол шоқпар

 Қолжаулық болу /мазақ/

 Құрдай жорғалау*(қызмет көрсету)

 Маймаң / байпаң/ қағу

 Өле жаздау /мысқыл/

 Сойыл соғар /мазақ/

 Табанын жалау /мысқыл/

 Шашбауын //көтергіш// көтеру /мазақ/

 Ішіне кіріп, сыртынан шығу\пысық/

 

«ҰНАТПАУ» мағынасында фразеологизмдер

 Жаман қарау

 Қабағы келіспеу

 Қабағын тыржиту //түю//

 Қыңыр қарау

 Құлқы сүймеу

 Мұрнын тыжыру /жақтырмау/

 Оң қарамау

 Салқын қарау

Суқаны сүймеу

 Іші қаламау

«ЗЕРІГУ», «ЖАЛЫҒУ» мағынасында фразеологизмдер

 Екі қолы алдына сыймау

 Көңілі жалығу

 Өзін-өзі қоярға жер таппау*(алаңдау, ашулану)

 Іші жарылып /кету/барады

 Іші пысу

 

«ШАРАСЫЗДЫҚ» (қолдан ешнәрсе келмегенде) мағынасында фразеологизмдер

 Айтып-айтпай не керек

 Амал жоқ /щанша/ /не/ /нешік/ /бар ма?/

 Амалы таусылу

 Әрі — айт, бері – айт

 Күресуге дәрмен жоқ

 Тығырыққа тірелу

 Іші қазандай қайнау

 «МАЗАСЫЗДАНУ» (бірнәрсеге) мағынасында фразеологизмдер

 Әбігер болу

 Дегбір таппау

 Дегбірі қашу

 Жүрегі қобалжу*(қорқу)

 Тынышы кету

 Шыдамы жетпеу //кету

 Ішкен асы батпау /бойға тарамау/

 Ішкені — ірің, жегені — желім болу

 «КҮДІКТЕНУ» мағынасында фразеологизмдер

 Көңілін күпті қылу

Көңіліне қобалжу //кіру// салу

 Көңіліне шайтан ұялау

 Сау сиырдың боғы емес

 Секем / сезік/ алу

 Тегін емес

 Өз-өзінен қуыстану

 Үрке қарау

 Шүбә/ шеек/ келтіру

 Іші бүлк ету

 «ЖЕК КӨРЕ ҚАРАУ» /кісіге/ мағынасында фразеологизмдер

 Ала көзімен ату

 Атарға оғы болмау

 Жаман қарау

 Жаман көзбен қарау

 Жыландай //кірпідей жиырылу

 Қасын //қабағын// түю

 Оқты көзбен қарау

 Теріс көзбен қарау

 Теріс қабақ білдіру

 Іш мылтықпен ату

«ҚИНАЛУ» /әрекет, оқиға нәтижесіне қарай/ мағынасында фразеологизмдер

 Жамбасына аяздай бату

 Жанына бату

 Қабырғасы қайысу*(жанашыр болу)

 

«ЕШТЕҢЕ ОЙЛАМАУ» мағынасында фразеологизмдер

 Алаң болмау

 Көңіліне алмау

 Қаннен қаперсіз

 Сырдың суы тобығынан келмеу

«ДАҒДЫЛАНУ»  (жиі қайталанатын іс, оқиғаға) мағынасында фразеологизмдер

 Еті өліп кету

 Көзі үйрену

«КҮМӘНДАНУ» мағынасында фразеологизмдер

 Әрі-сәрі болу

 Дүдәмал болу

 Екі ойлы болу

«МОЙЫНДАУ» мағынасында фразеологизмдер

 Айыбын мойнына алу

 Қолымен істегенді мойнымен көтеру

 Мойнына қойдырту //қою

«ТАТУЛЫҚ» мағынасында фразеологизмдер

 Айрандай ұйып отыру

 Арадан қыл өтпестей

 Арасы майлы қасықтай

 Ауылы аралас, қоры қоралас

 Ауыз бірлігі күшті (мықты)

 Бал жаласып кету

 Бір бас, бір тас болу

 Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығару

 Егіздің сыңарындай*(ұқсас)

 Жарты құртты жарып жеу, бүтін құртты бөліп жеу

 Қаймағы бұзылмау //шайқалмау//

 Түтіні бір жерден шығу

 Төсекте басы, төскейде малы қосылу

«ҚАРҒЫСҚА ҰШЫРАУ» мағынасында фразеологизмдер

 Киесі //аруағы// //ату// ұру

Кесірі ұру

 Қарғысы жібермеу

 Қарғыс арқалау

 Қаһарына //кәріне// ұшырау

«МАДАҚТАУ», «МАҚТАУ» мағынасында фразеологизмдер

 Басы алтын к…і күміс (дөрекі; фольклор)

 Жауырынан //арқасынан //қағу

 Жер көкке сиғызбау /мысқыл/

 Көпшік қою /кекесін/

 Қолтығына су бүрку*/әдейі, өтірік мақтау, арандату/

«ЖЕК КӨРУ» мағынасында фразеологизмдер

 Жаны //қаны// қас

 Ит /-тің/ етінен жек көру

 Суқаны сүймеу

«ТАҢДАНУ» мағынасында фразеологизмдер

Аңқайып аузын ашу

Аузын ашып, көзін жұму

Аузын ашып қалу

Аузын сылп еткізу

Аузының суы құру*(қызығу)

Ғажап қалу

Жағасын ұстау

Мәссаған безгелдек!

«ЕРКЕЛЕТУ» мағынасында фразеологизмдер

Алақанға салу

Алақанға салып, аялап өсіру

Әлпештеп //мәпелеп// //өсіру// отыру

Бетінен қақпау

Күн тигізбей, жел тигізбей

Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмау*(қамқорлық

көрсету)

Қас-қабағына қарау

Маңдайынан шертпеу

Сүт үстінде қаймақ /ету/ болу

Табанын жерге тигізбеу

«КӨҢІЛІ ҚАЙТУ» /біреуден, бірдеңеден/ мағынасында фразеологизмдер

Беті қайту

Жүні жығылу

Көңілге тік келу (поэт. )

Қыры сыну

Таба болу

«КӨҢІЛГЕ ҚАРАУ» мағынасында фразеологизмдер

 Көңілін жықпау

 Көңілін қимау

 Қабағына қарау

 Меселін қайтармау

 Райына қарау

 Сөзін жерге тастамау

«ТЕЗ ТҮСІНУ» мағынасында фразеологизмдер

 Айтқызбай-ақ түсіну

 Ернінің емеурінен білу

 Құлағының тесігі бар /әзіл/

«ТҮСІНБЕУ» мағынасында фразеологизмдер

 Айтқан сөзі құлағынан ағып кету

 Айтудай-ақ айту

 Ақпа құлақ

 Бас десе құлақ деу

 Мұрның қайда десе, аузын көрсету

 Сөз ұқпас

«ӨТЕ ЖАҚСЫ КӨРУ» /жақын адамын/ мағынасында фразеологизмдер

 Алақанына салып жүру

 Есі-дерті ауу

 Есі кету (қалмау), шығу)

 Ес-түсінен айырылу

 Қоң етінен ет кесіп беру

 Қу жаны қуырдақ болу

 Өлердей жақсы көру

 Шығарда жаны бөлек

 Ішкен асын жерге қою

«ТЫҢДАУ» мағынасында фразеологизмдер

 Зейін қою

 Құлақ құрышы қану

 Құлақ түру //қою//, //асу// салу

 Құлағына құю

«ТЫҢДАМАУ» мағынасында фразеологизмдер

 Құлақ қоймау

 Құлақ салмау

«ЕСТІМЕУ» мағынасында фразеологизмдер

 Естісем құлағым керең болсын! (қарғану)

 Құлағына тимеу

 Құлағына алтын сырға

«ЕСТУ» мағынасында фразеологизмдер

 Құдайдың құлағына шалыну

 Құлағына тию

«ЖҰБАНЫШ» мағынасында фразеологизмдер

Алданыш ету

 Жаны тыну

 Жанын //көңілін //жұбату

 Көзайым болу*(көп күткен адамы келгенде айтылады)

 Көңіл алданарлық

 Көңіл жұбатар(-лық)

 Көңілі орнына түсу

 Көңілге қуат ету

 Көңілге медет //ету//, //тұту

 Көңілге тоқ санау

 

«ҮНДЕМЕУ» /ешкімге ештеңе айтпау/ мағынасында фразеологизмдер

 Айтсам аузыма қара қан құйылсын! (қарғану)

 Артын /к…ін/ қысу *(қорқу) (дөрекі)

 Аузын тас қып жабу

 Аузына берік

 Аузына құм құйылу

 Аузы жұмылу

 Аузына су толтырғандай /болу/

 Аузына тас салу

 Бір ауыз сөз қатпау

 Дымы ішінде /болу/

 Дымын шығармау

 Екі елі ауызға бір елі қақпақ

 Жұмған аузын ашпау

 Жағы //тіл-жағы /қарысу

 Жым болу

 Иманындай сақтау

 Көмекейін суырып алса да /айтпау/

 Көрге бірге ала кету

 Қыңқ етпеу*(шыдау)

 Ләм-мим демеу

 Сөз қайырмау

Сырға берік

 Сыртына шығармау

 Тастай қату*(сараңдық)

 Тіс жармау

 Тіс жарып ешкімге айтпау

 Тістен шығармау

 Үн жоқ, түн жоқ

«ҰЗАҚ САҚТАУ» /бірдеңені/ мағынасында фразеологизмдер

 Көздің қарашығындай сақтау

 Сары майдай сақтау

Тісін тісіне қойып сақтау

 

Пайдаланылған әдебиеттер: Смағұлова Г.