Салы суға кету: «Салы суға кетті»

«Салы суға кетті»

ОРТАЛЫҒЫ

8 7112 34 24 63

8 708 434 24 63


DANAqaz.2012


@dana_qaz


DANA орталығы

  1. Басты бет
  2. DANAqaz журналы
  3. 2013 жыл
  4. 6 (7) 2013
  5. «Салы суға кетті»

Дәулеткерей ҚҰСАЙЫНОВ,
журналист

Журналдың бұл айдарында бүгінде қолданыста жүрген, ауыз әдебиеті үлгілерінде жиі ұшырасатын, бірақ шығу төркіні көмескілене бастаған сөздер туралы әңгіме болады. Айдарды белгілі журналист, жергілікті өлкетанушы, күйші, ақын, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінде баспасөз қызметінің бас маманы Дәулеткерей Құсайынов жүргізеді.

Қазақта «Елдің ішін ала тайдай бүлдірген» деген сөз бар. Бірақ «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» де, соңынан толықтырылып жарық көрген «Қазақ әдеби тілінің сөздігі» де бұл туралы жұмған аузын ашпай кетеді. Жалғыз-ақ «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» ғана: «Лаң, бүлік салды, атыстырып-шабыстырды; астан-кестені шықты», — деген мағынасын ашып көрсетіп, мысал келтіреді. Болды. Басқа ақпар-мәлімет жоқ.
Ш.Уәлихановтың көп томдық шығармалар жинағының 2-ші томындағы «Қырғыз (қазақ) шежіресі» туралы мақаласынан мынадай қызық дерек таптық:
«Ала тайдай бүлдірген» деген мәтел қалмақ аңыз-дарымен түсіндіріледі.
Мен Құлжада ойраттың өткен тарихын жақсы білетін бір қарт адаммен (туульчи) сөйлестім. Ол маған Хо-Урлуктың ноғай мен қазақты жеңгені жайлы көптеген жырларды жырлап берді. Осы жырдан мен жоғарыда айтылған мәтелдің мағынасының кілтін тапқандай болдым.
Ноғайлар қалмақтардың шабуылынан әрбір күн сайын үрейлері ұшып күтсе, қалмақтар ноғайлардың күшінен қорқып, оларға шабуылдай алмайды. Бір күні түнде ала тай желісінен босанып кетіп, бүкіл жылқыны дүрліктіреді».
«Өзі қашқалы тұрған қоянға “тәйт” дегесін не жорық» деген, содан кейінгі жағдай белгілі ғой.
Сол сияқты “салы суға кетті” деген сөздің де әуел бастағы мағынасы аяқ артқалы тұрған көлігінен айырылып, шарасыз күйге түсті деген болуы керек.
Ит жегіп, алыс сапар шекпеген адам «ит арқасы қиян» деп айта ма, сол сияқты ойлағаны ойран болып, бар үміті – салын ағызып алған адамның көңіл күйін су жағалап өмір сүрген халық қана жақсы түсінеді. Сөйтсек, сөздік қордан бір ғана тілдің байлығын ғана емес, халықтың бір кездегі нақты тұрмысынан да көрініс, ең құрыса, сілемін табуға болады екен.
Жоғарыда біз мысалға келтірген фразеологиялық сөздікті құрастырушы академик І. Кеңесбаевтың жазуын-ша, салы суға кетті – бұл ең көп айтылатын типке жататын көрінеді.
“Жерден жеті қоян тауып алғандай қуанды” деген екінші – жанама, туынды мағына берсе, сол сықылды “салы суға кетіп отыр” деген де басқа мағынада қолданылып отыр. Егер де бұл сөздерді «салының суға кетуі» мағына-сында тікелей түсінсек, фразеологизм бола алмайды.
Қ.Жұмағалиев айтқандай, қазақ – баласының атын да ұйқастырып қоюға шебер, өлеңдетіп сөйлегенді ұнататын халық.
Фразеологиялық тізбектерді тұрақтандыра түсетін белгілердің бірі – олардың ұйқасқа құрылуы болса, әсіресе, аллитерация тәсілімен жасалған, «с» дыбысынан баста-латын компонент: “салы суға кетіп отыр” әдеби жағынан қолдануға ыңғайлы, ауызекі тілде сөйлеушіге де ағып тұрғандай шешендік сипат береді.



Наверх

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463

 

 

 

Тұрақты сөз тіркесіне 30 сөз мағынасымен бірге?

Тұрақты сөз тіркесіне 30 сөз мағынасымен бірге тауып бере аласыздар ма?

Тұрақты тіркестер

Тіл арқылы қатынас жасағанда, сөздер дара күйінде емес, бір-бірімен тіркесіп қолданылады.

Тіркес екі түрлі болады.

1. Құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге немесе басқа сөздермен алмастыруға бола беретін еркін тіркес. Мысалы: үлгілі бала дегеннің орнына үлгілі қыз деуге болады, диктант жазу дегеннің орнына шығарма жазу, хат жазу, мазмұндама жазу десе де болады. Мұндай еркін тіркестер сөз тіркесі деп аталады. Еркін сөз тіркесінің беретін мағынасы сол тіркесті құрайтын сөздердің мағыналарымен байланысты болады.

2. Мағынасы бір тұтас, құрамын өзгертуге, басқа сөзбен алмастыруға болмайтын, бір сөздің орнына ғана жұмсалатын да тіркестер бар. Мысалы: қой аузынан шөп алмас, ит жанды, таяқ тастам жер, мұзға отырғызып кету, жұмған аузын ашпау, көзді ашып жұмганша т. б. Қой аузынан шөп алмас дегеннің орнына- түйе аузынан шөп алмас, ит жанды дегеннің орнына мысық жанды деп өзгертіп айтуға көнбейді.

Сондай-ақ мұндай тіркес көркем, бейнелі бір ұғымды білдіреді: қой аузынан шөп алмас — жуас, ит жанды — көнбіс, таяқ тастам — жақын, мұзға отырғызып кету — алдау, жұмған аузын ашпау — үндемеу, көзді ашып-жұмғанша — лезде деген мағыналарды білдіріп, бір сөздің орнына қолданылады. Сондықтан мұндай тіркестерді тұрақты тіркестер дейді. Тұрақты тіркестің мағынасы оның құрамындағы сөздердің мағыналарынан тумайды, басқа бір мағынаны білдіреді. Мысалы: қабыргаңмен кеңес — ойлан, бесіктен белі шықпай — ерте, қас пен көздің арасында — шапшаң мағыналарын білдіреді.

Неше сөзден құралса да, тұрақты тіркес бір ғана ұғымды білдіреді.